Өзіне жасалған әділетсіздікке шыдамай, сот залында өз өзіне қол жұмсамақ болған Түркістан облысының мұғалімі Х.Ерімбетов тағы да жанұшырып жәрдем сұрап, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, 24 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз Х. Ерімбетов биылғы қаңтар айында мектеп әкімшілігінің шешімімен жұмыстан шығарылған. Ол бұл шешіммен келіспей, еңбек құқығының бұзылғанын айтып, Түркістан облыстық еңбек инспекциясына шағым түсірген. Соттың шығарған шешімін әділетсіз деп таныған мұғалім сот залында суицид жасамақ болғанын жазған болатынбыз.
Осы оқиғадан кейін Х.Ерімбетов: "Маған әділетсіздік қана жасалмады, енді ол аздай, сот мені бес тәулікке қамауға шешім шығармақшы.
Судья Мырзабеков әділ үкім шығара ма десем, керісінше, өзімді кінәлі етіп, мені қамамақшы.
Президентіміз Тоқаев, көмектесіңізші! Соттал сатылғаны ма", деп, жәрдем сұрады.