Пайдасы мен зияны: Оқушыға қағаз күнделікті кері қайтару керек пе?

Пайдасы мен зияны: Оқушыға қағаз күнделікті кері қайтару керек пе?

Әлеуметтік желіде оқушылардың бұрынғы қағаз күнделігіне қатысты қызу талқы жүріп жатыр деп жазады Democrat.kz.

Қоғам белсендісі, психоло Айнұр Алдаш оқушылардың бұрынғы қағаз күнделігінің ең пайдалы тұстарына сараптама жасап, "қағаз күнделік оқушыға өте пайдалы" деген тұжырым жасапты. 

Психологтың айтуынша, қағаз күнделікті қолданған баланың миында, есте сақтау қабілетінде керемет жұмыс жүреді. 

Қағазға жазу арқылы баланң ойы да мейлінше дамиды. Ал ең бастысы, баланың зейіні мен есте сақтау қабілетін арттыруда ағаз күнделіктің рөлі зор екен. 

Психологтың бұл жазбасына қатысты оқырмандары кезінде өздері пайдаланған қағаз күнделіктің әлі күнге дейін әр жазбасы мен сызбасы естерінде екенін, электронды күнделіктен гөрі қағаз күнделіктің пайдалырақ екенін айтуда. 

Барлық жаңалықтар