Әлеуметтік желіде өзін салафит деп ашық мәлімдейтін Холид лақап есіміндегі блогер қандай аруақтарға құран оқып, дұға бағышталмайтынын айтты деп жазады Democrat.kz.
Өзіне келген оқырмандарының бірінің сұрағына жауап беру барысында блогер Холид: "Егер сенің әкең мен шешең тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болып өлсе, әрине құран оқылып, дұға бағышталады.
Ал егер әкең, шешең тәңіршіл, баптист, атеист болып өлсе, оларға дұға бағыштауға рұқсат етілмейді. Пайғамбардың өзіне шешесіне дұға етуге Алла рұқсат бермеген", деп, "пайғамбардың әкесі мен шешесі де кәпір" деп қадап айтты.