Алматы облысы аумағында әлеуметтік желі арқылы діни материалдарды заңсыз тарату дерегі анықталды.
Алматы облысы Дін істері басқармасы тарапынан азамат І. Жанұзақ жеке парақшасында арнайы рұқсатсыз діни мазмұндағы материалдарды жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Democrat.kz. Алматы облыстық Дін істері басқармасының ақпаратына сілтеме жасап.
Аталған әрекет Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасын бұзу болып табылады.
Қаулыға сәйкес, құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша 108 125 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Заң талаптарын сақтау — әр азаматтың міндеті. Діни материалдарды тарату тек белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Еске салып өтейік, Ізім Жанұзақ әлеуметтік желіде "Холид" атымен танымал. Өз уағыздарының көбінде матуридтерді айыптап отырады. Сонымен қатар оның "Пайғамбардың әкесі мен шешесі кәпірлер" дегені туралы Democrat.kz. жазған болатын.