"Пайғамбардың ата-анасын кәпір"дейтін діндар эфирде еңкілдеп жылады

"Пайғамбардың ата-анасын кәпір"дейтін діндар эфирде еңкілдеп жылады

Таяуда ғана заңсыз діни уағыз айтқаны үшін заң алдында жауапқа тартылып, айыппұл арқалаған, әлеуметтік желіде "Холид" деген лақап атпен танымал Ізім Жанұзақ еңіреп жылап, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Діни уағыздар айтып, заң алдында жауапты болғанына қарамастан, "Холид" баяғы "кәсібін" алаңсыз жалғастыруға кірісіпті. 

Әдеттегідей, матуридтерді сынап, түрлі діни уағызын айтқан "Холид" бұл жолы басқа бір діни дүние айтып, екі көзіне ерік берді. 

"Еуропалық бір бауырымыздың сторисін көріп, жыладым. Бір айй бұрын анасы қайтыс болыпты. Сол "сендер ақиқатты білесіңдер ғой, неге соны айналаға таратпайсыңдар, дағуат етпейсіңдер? Мен Ислам дінін білгенімде, анам дінсіз болып жерленбес еді ғой" деп жылапты. 

Сондықтан қандай жағдай болса да, дініміз туралы айтайық", деген "Холид" еңкілдеп жылап, дінді барынша уағыздауға шақырды. 

Барлық жаңалықтар