Пәлеқор ата-ана - білім саласының ғана емес, баласының да дұшпаны

Пәлеқор ата-ана - білім саласының ғана емес, баласының да дұшпаны
Қазіргі білім саласының тағы бар келеңсіз проблемаларының бірі пәлеқор ата-аналар екені мәлім. Білім деңгейі ортаның арғы-бергі жағындағы осындай ата-аналар өз балаларына үлкен зардап әкеліп жатқанын, мұғалімнің жұмысына көп кедергі келтіретінін сөз еткен білікті маман Мира Барказатқызы бәрінен де баланың болашағына мұндай жағдайлар кері әсер ететінін айтады деп жазады Democrat.kz.
 
"Италияда жекеменшік мектепте мұғалімнің жазбасын оқып қалдым.
 
… Егер ата-ана мұғаліммен сөйлескісі келсе, аптасына 2 сағат ата-анаға арналған уақытқа бронь жасап қана сөйлесе алады екен.
 
Жай сұрағы болса эмейл арқылы сұрағын қояды, қолың тигенде жауап бересің. Ал жеке номерге хабарласа алмайды, жеке нөмірді беруге құқылы емес екенсің. Ватсап группасы да жоқ екен. Рақат қой!
 
Бізде 24/7 хабарласады ғой, бір ата-ананың өзі екі сағат уақытыңды күнара алады. Сөйлеспесең, “жұмыстан шық” дейді. Жоғарыдағыларға телефон соғып, чатқа жазып,жазбаларыңды таратып “өсек” теріп кетеді. Тіпті сабақ үстінде баласына телефон соғып, сабақтың қалай өтіп жатқанын сұрайтындар да бар. Баласы да пысық, көзіңді ала беріп, мұғалім үстеліндегі телефонды ала салып, жауап береді. Алмаса, үйіне барған соң зіркілдейтін болар.
 
Ал, Италияда ата-ана мұғалімнен баға сұрамайды екен.
Бізде БЖБ-дан соң, апталық тестіден соң, ТЖБ кезінде науқан ғой, науқан.
 
 Бала да бір балл жетпейді деп қыңқылдайды, “сенен ғана “үш” екен” деп сынып жетекші қылқылдайды, ата-ана үстіңнен білім басқармасына арызын бір-ақ жазады.
 
Әрине күллі ата-анаға топырақ шашпаймын, арасында бірнешеуінен шығады. Жекеменшіктегілер ақша төлеп отырғанын міндет қылады, мғмлекеттік мектептегілер айлық алып отырғанымды міндет қалады. Иә, еңбегімізге қарай ақыиызды аламыз. Әр ата-ана қандай бала тәрбиелеп әкеліп берді, сол баланы әрі қарай дамытамыз.
 
Бірақ мұғалімді құл көретіндер мәдениеті төмен немесе биліктегілердің еркетотайлары. Менің алаңдайтыным есейіп қалған балалар ата-аналарының сондай әрекетіне қатты ұялады.
 
Мен де балаға шешелерінің, әкелерінің өрескел қателіктерін білдірмеуге тырысамын. Өсіп келе жатқан өркеннің жасқаншақ болғанын қаламаймын. Бірақ жүрекке салмақ түседі екен", деп жазды Мира Барказатқызы.
Барлық жаңалықтар