Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында танымал кәсіпкер, Динара Сәтжанның күйеуі Жұмабек Жанықұлов Жапониядан қонаққа спортшы келгенін хабарлап, суреттер жариялады деп жазады Democrat.kz.
Дәл осы жапон спортшы туралы кәсіпкер Сырымбек Тау да парақшасында бөлісті. Жұмабек Жанықұлов, жапон спортшысы үшеуі түскен суретті жариялады.
Әйтсе де кейбіреулерге Сырымбек Таудың бұл жазбасы ұнамаған секілді.
"Динараның күйеуінің қасында неге жүрсіз? Сізге сай емес", "жапонның спортшысы келгеннен не пайда", "памперсті палуан", "неменеге әлдеқандай етеді"дегенге саятын пікірлер жазуда.