Парламенттегі масқара: Спикер осыны бүкіл депутатқа міндеттесін

Парламенттегі масқара: Спикер осыны бүкіл депутатқа міндеттесін
Журналист Асылхан Мамашұлы кешегі депутат Ардақ Назаровтың "анасын құттықтау" әрекетіне қатысты ерекше ұсыныс жасады деп жазады Democrat.kz.
 
"Ардақ Назаров мәжіліс залында депутаттық сауал қояр алдында анасын туған күнімен бірауыз құттықтапты. Қысқа ғана, жарты минутқа да жетпейді.
 
Сонысын сөгіп жатқандар көп екен, өз басым пәлендей сөкеттік көрмедім. Жүректі жылытатын адами көрініс қой. Басқалар да сөйтсін, анасына, қызына (ұлдарына емес) мейірімін ашық білдіре берсін.
 
Мысалы, осы заң менің анама, қызыма былай әсер етер еді деп сөйлесе тіпті жақсы. Спикердің орнында болсам міндеттеп қояр едім.
Қалжыңсыз.
 
Аналарың тірі болса кез келген жерде құттықтай беріңдер, артық етпейді. Соған абыройың жетіп тұрса болды"деп жазды Асылхан Мамашұлы
Барлық жаңалықтар