Павлодар облысында ұшақ апатынан аман қалған екінші ұшқыш жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz.-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағындағы тірі қалған ұшқыштың жағдайы белгілі болды. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1998 жылы туған азамат Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жеткізілген.
«Науқасқа политравма диагнозы қойылды. Қажетті ем толық көлемде көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр», — деп хабарлады ведомство.
Еске сала кетейік, Железника ауылы маңында ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындау кезінде апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі электр беру желілеріне соғылған. Бортта екі экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапты.