Павлодар қаласында 19 жасар студент қыз жаңа туған сәбиін жатақхананың жуынатын бөлмесінде сүлгімен тұншықтырып өлтірген деп жазады Democrat.kz. сайты irbistv.kz.-ке сілтеме жасап.
Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде қыздың 1,5 жыл бойы кездескен жігітінен жүкті болғаны айтылған. Ол оған өзінің жағдайы туралы хабарлаған кезде, ол бірден бала тәрбиесінен бас тартқан.
Түсік жасатуға жүктілік мерзімі рұқсат етілмеген соң, 19 жастағы студент бұл туралы туыстарына айтуға қорыққан.
Бір жыл бойы жүкті екенін жасырып келген қыздың 2025 жылдың қазан айында толғағы басталып, студенттік жатақхананың жуынатын бөлмесінде дүниеге сәбиін әкеледі.
Босанғаннан кейін қыз бірден психо-травматикалық жағдайға тап болып, шырылдай жылаған сәбидің даусын басқалар естіп қоймасын деп қалың сүлгімен оның аузын бастырады.
Мұнан бөлек сәбиді тұншықтырып және қысып орау арқылы оны өлтіруге бел буады. Салдарынан ауа жетпей тұншыққан сәби көз жұмады.
Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде қыз өз кінәсін толық мойындағаны айтылған. Сот қызды 2 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.