Ардагер ұстаз Өмір Шыныбекұлы әлеуметтік желіде "магистр дипломын ақшаға сатып алған ұстаздар"туралы әңгімеге қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Итің ұры десе намыстанатын" қазақпыз ғой..
"Магистр" дәрежесіне қатысты тағы оңтүстік өңірге ауыр айыптар тағылыпты..
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі оңтүстіктегі ЖОО-ларды қатаң тексеруден өткізуі тиіс..
Өз кезегінде оңтүстікке сол айыпты тағып отырған Мира Барказаткызы, Алтынгул Онеркызы, @Saule.Zhanadilova әріптестер өз күмәнданған әріптестердің атын атап, түсін түстеуі тиіс...
Желіге жариялауға сескенсеңіздер,
маған немесе сол министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Олжас Беркінбаев тың жекесіне жіберіңіздер..
Тексертеміз..
Әйтпесе, мынау "жаптым жала, жақтым күйе" деп, 3 млн-нан аса тұрғыны бар өңірге тіл тигізу педагогқа лайықты іс емес.."деп жазды Өмір Шыныбекұлы.
(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)