Белсенді ұстаз Маржан Байымбетова басшылығынан әділетсіздік көріп, сотқа жүгініп, ол сотта жеңіске жетсе де, енді жұмыс орнын қайтара алмай отыр деп жазады Democrat.kz.
"Мені директор жұмыстан босатқаннан кейін еңбек инспекциясы, білім саласындағы департамент, білім бөлімі, прокуратура, тіпті мені жекеше айыптау шағымы бойынша директордың өзі мені сотқа берген сот отырыстары да өзінің іс-әрекетінің дұрыс емес екенін немесе заңсыз шешім шығарып бергенін дәлелдеп көрсетсе де бірбеткей басшы өзінің айтқанынан қайтпай отыр.
Мейлі өзі білсін, оны біздің шағымымыз бойынша болатын сот процесстерінде көре жатармыз.
Мен басшы орынбасары лауазымын басқа жолмен қайтарып алмақ болып, конкурсқа қатыстым. Қитұрқы әрекеттері таусылмайтын директордың ендігі талабы орынбасар өзбек ұлтынан болу керек деп айды аспанға шығарды.
Конкурсқа кедергі келтірді, іс-әрекетін білім бөлімі қолдап, тапсырма бергенін айтты. Бұған дейін өзбек сыныбындағы балаларға қазақ тілі кітабына бойкот жарияламаса да қазақ тілі оқулығымен қамтамасыз етілуіне жағдай жасамаған бас маман Лия Алиакбаркызы тағы да конкурста кедергі келтіріп тұр.
Конкурстық комиссия мүшесі болған Алия Егізекованың бағалауға уақыты болмаса, жаңа жылды тойлатып қойып басқа маман таппадыңдар ма?
Ал мынау конкурсты ұлтына қарап өткізуді дұрыс деп шешкен директорға, білім бөліміне қандай шешім шығару керек.?"деген Маржан Байымбетова мына сілтемеде видео жариялады.