Биылғы оқу жылының жартысын аяқтап, жүктерінен біраз жеңілдеген ұстаздарымыздың ендігі мазасын алатын "сынақ" педкеңесте күтіп тұр. Жартыжылдық қорытынды есеппен басшы мен әріптестерінің арасында өтетін педкеңес - кей мұғалімге қияметтің қыл көпіріндей екен деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде педкеңеске "дайындық" жасап жатқан кей ұстаздар "неге сенің сабағыңнан оқушы "үштік" бағаға шықты?" деген сұраққа жауап іздеуде.
"Тек менің сабағымнан “3-ке” шыққан оқушыларым үшін ертең педкеңесте "не айтсам болады" деп ойланып жатырмын.Оқымады, өз бағасы десең, "значит" сен ғана оқыта алмадың" дейін деп тұр ғой"деп жазған педагогтың жазбасына әріптестері "қыл көпірден аман өткізуі мүмкін" ақылдарын айтып, ал кейбірі пікірін білдіруде.
Төменде қазақстандық ұстаздардың педкеңестегі жағдайын сипаттау арқылы еліміздегі білім берудегі бағалау стандартын көрсететін пікірлерді назарларыңызға ұсынып отырмыз...