Петропавлда қала күніне орай Петропавлда «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі – 2025» атағына арналған облыстық көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтіп, жеңімпез мекеме анықталды.
Салтанатты іс-шарада облыстың түкпір-түкпірінен келген үздік ауылдық өнер ұжымдары вокал, хореография және аспаптық орындаушылық бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Марапаттау рәсіміне Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Ғабит Мүсірепов ауданы гран-при мен басты жүлде — шағын автобусты жеңіп алды.
Бұл байқау мен гала-концерт жақсы дәстүрге айналды. Өткен жылы қайта жаңғыртылған бұл шараны жыл сайын өткізіп тұрамыз. Бұл ауыл тұрғындарының шығармашылық әлеуетін ашуға және таланттарды қолдауға мүмкіндік береді. Өнерпаз мұғалімдер, механизаторлар мен қарапайым ауыл тұрғындары ауыл мәдениетін дамытуға зор үлес қосып келеді, — деді облыс басшысы.