Алматы-Қостанай бағытының жолаушысы Жәмилә Әлімбекова вагонда қандала қаптап жүргенін айтып шағымданды деп жазады Democrat.kz.
"Алматы-Қостанай пойызының 19 вагонында денемді бір нәрсе шағып тастады. Қарап көрсем, клоп, яғни қандала қаптап жүр.
Ескі вагонды қандала басып қалған. Бұндай ескі вагонды өртеп тастау керек қой!" Деген Жәмилә Әлімбекова тиісті орындарға жан айқайын жеткізуді сұрады.