Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарына қатысты айтқан қатаң сынынан кейін Шымкентте кадрлық «тазалау» басталғанға ұқсайды, деп хабарлайды Democrat.kz.
Egovpress Telegram-арнасының мәліметінше, Шымкенттегі бірқатар жоғары шенді полицейлер қызметінен шеттетілген.

Фото: EGOV.PRESS арнасынан
Арна таратқан ақпаратқа сәйкес, редакциямыз аталған тұлғалардың аты-жөнін нақтылап, ашып көрсетті. Мәліметке қарағанда, Ішкі істер министрлігі жүргізген тәртіптік комиссияның қорытындысы негізінде бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты шара қолданылған болуы мүмкін.
Қызметінен шеттетілгендер (болжам бойынша):
Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы – Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы;
Құрманбек Сахов Сатынбекұлы – Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі;
Қалдарбеков Асылжан Оспанұлы– Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары;
Жұмағұл Қуаныш Сағыналыұлы – Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы;
Бекбердиев Өмірбек Жамалбекович – Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигi.
Бұдан бөлек кейбір шенділердің тікелей жұмыстан босатылғаны жайлы жазылған.
Желіде тараған бұл ақпаратқа қатысты әзріге ресми жауап берілмеді.