Ерболат Құдайберген күтпеген жерден төбе көрсетті.
Бір кездері «Мен қазақпын», «Біздің жігіттер» сынды селт еткізер тректерімен танылған Ерболат Құдайберген қайта ел алдына шықты, деп жазды Democrat.kz.
Тикток желісінде тараған бейнежазбаға сүйенсек, өнер иесі тойда ән шырқап жатқанға ұқсайды. Мұны көрген көпшілік: "Портал ашылып, мыналар түсіп жатыр ма?",«Мә, қайдан шықты?!», «Кім тауып алды, хабарлассыншы! Бейбіт Қорғанды да тауып берсінші», «Бұл кісі қазақтың 50 cent-і мен Тимберлейгі ғой», «Енді тек Асан Пердешов қалды», «Дым өзгермеген. Күшті, сол баяғы қалпында», – дейді.