Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысының барысында Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын келісу жұмысын дереу аяқтауды тапсырды деп жазады Democrat.kz.
«Digital Qazaqstan стратегиясы қабылданды. Бірақ оны іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын келісу жұмысы созылып кетті. Жасанды интеллект министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жұмысты дереу аяқтап, бір апта ішінде Үкіметке тиісті қаулы жобасын енгізуді тапсырамын»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Аталған мәселелер бойынша бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрландыру министрі Жаслан Мәдиевке жүктелді.