Президент пен Вице-Президенттің құқықтық жағдайын айқындайтын Заң қабылданды

Президент пен Вице-Президенттің құқықтық жағдайын айқындайтын Заң қабылданды

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»  Конституциялық заң қабылданды, деп хабарлайды Democrat.kz.

Құжат бойынша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақтың айтуынша, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық зжобасы үстіміздегі жылдың 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес әзірленді. Заң жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Жолдауымен Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

— Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы вице-президентінің құқықтық жағдайын айқындайды. Заң жобасы 8 тараудан және 43 баптан тұрады және қолданыстағы Конституциялық заңмен белгіленген құқықтық реттеудің негізгі қағидаттарының мирастық сабақтастығын сақтап қалды. Сонымен қатар, заң жобасын 2026 жылғы Конституцияның ережелеріне бейімдеуден және жаңа мемлекеттік билік институттарын құруға байланысты нормаларды енгізуден басқа, алдыңғы актіде түзілген өткен нормалар айтарлықтай пысықталып, редакциялық тұрғыдан жақсартылды, — деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Республикасы Парламенті Регламентінің 32-7-тармағына сәйкес бірлескен комиссия конституциялық заңының жобасы бойынша Парламент Палаталарының тұрақты комитеттері мен депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын қарайды және қорытады.

— Бірлескен комиссияның қарауына депутаттар тарапынан ұсыныстар түспеді. Мәтін бойынша түзетулер мен ескертулер жоқ, заң жобасы бастапқы редакцияда ұсынылған. Баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қабылдау ұсынылады, — деді Үнзила Шапақ.

Осыдан кейін қос палата депутаттары аталған заң жобасын екінші оқылымда бірауыздан қабылдады.

Барлық жаңалықтар