Президент: «Табиғат геосаясатсыз тіршілік ете береді, ал геосаясаттың табиғатсыз күні қараң»

Президент: «Табиғат геосаясатсыз тіршілік ете береді, ал геосаясаттың табиғатсыз күні қараң»

Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммитте Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды сөз сөйледі деп жазады Democrat.kz. Ақордаға сілтеме жасап.

«Елдеріміз тұтас экожүйеде өмір сүреді. Өзен-көлдер де, табиғи ландшафттар да, климаттың қауіп-қатерлері де баршамызға ортақ. Ең бастысы, жауапкершілікті теңдей бөлісеміз. 

Орталық Азия мен көршілес аймақтар ұқсас экологиялық сын-қатерлерге тап келді. Атап айтқанда: 

✔️ су тапшылығы мен су ресурстарын тиімсіз басқару;

✔️ шөлейттену;

✔️ мұздықтардың еруі;

✔️ ауаның ластануы;

✔️ биоалуантүрліліктің жойылу қаупі.

Мен ең негізгі сын-қатерлер мен проблемалардың мәнін ашып, әдейі түстеп отырмын. Өйткені күш жұмылдыру арқылы аталған мәселелерді шешуде оң нәтижеге жетеміз. Бұған кәміл сенемін. 

Жетістіктерге тоқмейілсіп отыратын заман өтті, шешім қабылдайтын уақыт келді».- деді Президент.

Барлық жаңалықтар