Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның өтуіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Democrat.kz.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев саяси жүйені жаңғыртуды және басқару моделін жетілдіруді көздейтін Конституцияның қабылдануын Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы ретінде сипаттаған. Оның пікірінше, бұл еліміздің серпінді дамуына және халықаралық аренадағы рөлінің күшеюіне оң септігін тигізеді.
Ал Беларусь президенті Александр Лукашенко Конституциядағы қағидаттардың іске асуы Қазақстанның гүлденуіне негіз қалайтынын атап өткен.
Қазақстан президентіне жылы лебізін Сербия Президенті Александр Вучич те жеделхат жолдады. Армения премьер-министрі Никол Пашинян жеделхатта атап өткендей, жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы Қазақстан азаматтарының ел Тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға, заң үстемдік құратын бақуатты заманға сай қоғам құруға жауапкершілікпен қарайтынын байқатады.
Кеше, 16 наурызда Ресей президенті Владимир Путин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алғашқылардың бірі болып қыттықтаған.