"Президентті жаман атты етіп", "мұғалімді қорлап отыр": Аттестацияға наразылық үдеді

"Президентті жаман атты етіп", "мұғалімді қорлап отыр": Аттестацияға наразылық үдеді
Танымал блогер-ұстаз Бәкіжан Кәкім мұғалімдер аттестациясы төңірегінде болып жатқан жағдайға байланысты пікір білдіріп, ұсынысын білдірді деп жазады Democrat.kz.
 
Блогер өз пікірінде қазіргі Оқу ағарту министрлігінің мұғалімдер аттестациясында жасап жатқан жаңалықтарын қатаң сынап: "Екі ортада президентті жаман атты қылады ғой осылай жүріп.
 
"ОЗП" тапсырмайсыңдар деп, тапсыртып жатыр.
Қағазбастылықтан құтыласыңдар деді, АХА құтылдық. Дым өзгермеді.
 
Педагог-шеберге қойылатын талап университеттердің ғалымдарына қойылатын талаптармен бірдей болды.
Оқушылармен айналысайықшы, өтініш!
 
Білім сапасын көтеру үшін, оқушыларға көбірек уақыт бөлуіміз керек секілді. Бұл жерде бас қатыратын ешқандай арифметика жоқ", деді. 
 
Бәкіжан Кәкімнің жазбасына пікір білдірген әріптестері де наразылықтарын жасырмады. "Бұл мұғалімді қорлау ғой!", "Бір түсінгенім - мектептен кету керек. Дым жақсарады деген үміт жоқ", "Мұғалімдерді қорлап отыр???? Ақша бермеудің амалы .......,..????? ? Әттең тонның келесі.......????"дегенге саятын пікір жазған педагогтар ашуға ерік берді. 
Барлық жаңалықтар