Президенттің 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасы 2027 жылға дейін орындалады — Ерлан Нысанбаев

Президенттің 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасы 2027 жылға дейін орындалады — Ерлан Нысанбаев

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мемлекет басшысының елді ауқымды көгалдандыру жөніндегі тапсырмасының жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz. UKIMET-ке сілтеме жасап.

 Оның сөзінше, бүгінде еліміздің орман қорына 1,4 млрд көшет отырғызылған.

Биыл 370 млн ағаш отырғызу жоспарланған, оның 270 млн-ы отырғызылды. Алдағы уақытта отырғызылатын ағаштарды сапалы материалмен қамтамасыз ету үшін келесі жылдан бастап алты орман тұқымы кешенінің құрылысы басталады. Атап айтқанда, Аралдың құрғаған түбінде көшеттерді өсіру үшін ауданы 30 гектарға дейінгі мамандандырылған тәлімбақ құрылады.

«Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 1,4 млрд көшет отырғыздық. 2026-2027 жылдары қойылған барлық міндеттер жүзеге асатын болады. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының елді мекендерге ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы орындалғанын атап өткім келеді. Жоспарлы көрсеткіштер асыра орындалды: бүгінде бізреспублика бойынша 18 млн 100 мың дана отырғызуды тіркеп отырмыз»,

 — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Барлық жаңалықтар