Президенттің АҚШ-қа сапары: "Қазақстан - АҚШ бизнесі үшін Орталық Азиядағы жетекші алаң болуға дайын" дейді сарапшылар

Президенттің АҚШ-қа сапары: "Қазақстан - АҚШ бизнесі үшін Орталық Азиядағы жетекші алаң болуға дайын" дейді сарапшылар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары мен оның америкалық лидермен жасаған келіссөздеріне қатысты сарапшылар пікір білдіріп, жоғары баға берді деп жазады Democrat.kz.

Халықаралық эксперт Ануар Бахитхановтың пікірінше, Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапарындағы бірінші назар аударуға тұрарлық нәрсе – бұл геосаяси контекст.

«Қазақстан бірізді түрде көпвекторлы саясат құрып келеді, ал Тоқаевтың Ақ үйге келуі Астананың Мәскеу, Бейжің және Вашингтон арасында жай ғана тепе-теңдік ұстап қоймай, өз күн тәртібін қалыптастыруға ұмтылатынын көрсетеді.

 Авраам келісімдеріне қосылу туралы жариялануын дипломатиялық жетілгендік пен сенімділіктің сигналы ретінде қарастыруға болады», – дейді Бахитханов.

Екіншісі – сапардың экономикалық құрамдас бөлігі.
«Бұл декларациялар туралы емес, авиация, цифрландыру және сирекжер металдарын өндіру саласына қатысты нақты инвестициялар жөнінде – бұл бағыттар әлемдік экономиканың болашағын анықтайды. Қазақстан үшін бұл технологиялық егемендікті нығайту және өңірдегі көршілерге тәуелділікті азайту мүмкіндігі.

Дональд Трамп Қазақстанды “күш клубына” қосылған екінші мерзімнің бірінші елі деп атап, оның жаңа еуразиялық тұрақтылық архитектурасындағы негізгі рөлін мойындады.

 Вашингтон үшін Қазақстан – идеологиялық көзілдіріксіз барлық тараптармен сөйлесе алатын серіктеске айналуда. Ал Тоқаев үшін бұл елдің жаһандық диалогтың жауапты қатысушысы ретінде мәртебесін бекіту мүмкіндігі, сыртқы мүдделер объектісі емес», – дейді саясаттанушы.

Президент сапарының экономикалық нәтижелеріне қатысты  inbusiness.kz-ке берген сұхбатында халықаралық тәуелсіз сарапшы, 20 жылдан астам Қырғызстан парламентінде және президент әкімшілігінде, сондай-ақ ЕҚЫҰ, БҰҰДБ, USAID секілді халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген мемлекеттік басқару және халықаралық байланыстар жөніндегі кеңесші Шерадил Бактыгулов:

— Жалпы айтқанда, президент Тоқаев нағыз серпіліс жасады деуге болады. Әңгіме әлемнің ең ірі трансұлттық корпорацияларының алғашқы басшылары деңгейінде өткен кездесулер туралы болып отыр. Бұл өзінен-өзі бұрын-соңды болмаған нәтижеге жатады.

Сапар қорытындысы бойынша айта аламыз: бұл тек Қазақстан үшін емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін серпіліс. Мұндай жағдай бізде алғаш рет болып отыр.
Бүгінде Қазақстанда жоспарлы, нақты бағытталған экономикалық саясат жүргізілуде, ол елді білім беру, ақпараттық технологиялар, агроөнеркәсіп және басқа да негізгі бағыттар бойынша көшбасшылар қатарына шығарып отыр.

АҚШ-тан ғана емес, басқа елдерден де шағын, орта және ірі бизнеске Қазақстан ынтымақтастыққа ашық екені жөнінде айқын сигнал берілді.

Басты мақсат — бизнесті дамыту, серіктестер тарту және қарапайым азаматтарға пайда келтіру. Жеке атап өтерлігі, “Жаңа Қазақстан” бұрынғыдан өзгеше. Мұнда шетелдік компанияларға ел ресурстарын бақылаусыз пайдалануға мүмкіндік бермейтін жаңа заңдар әрекет етеді. Бизнес жаңа ережелерді түсінеді: тек өз пайдасы үшін ғана емес, Қазақстан халқының мүддесі үшін де жұмыс істеу қажет.

Президент Тоқаевтың АҚШ-қа сапарының экономикалық нәтижелері өте маңызды әрі жоғары деңгейде. Бұл Орталық Азия мен әлемнің бірінші экономикасы — АҚШ арасындағы қатынастардағы шын мәніндегі серпіліс.

Ең үлкен пайда Қазақстан мен оның халқына тиеді. Кез келген компания елге келгенде салық төлейді, технология енгізеді, азаматтардың өмірін жайлы етеді және шетелдік те, жергілікті де кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізу жағдайын жақсартады.

Ең бастысы — технология. Олар қай салада пайда болса да, жаңа шешімдер әкеледі. Мысалы, Visa компаниясының келуі ел ішінде және елден тыс жерлерде төлемдерді жеңілдетеді, бұл инвестициялық тартымдылықты арттырады. Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы бизнес капиталды заңды түрде енгізіп-шығаруға мүмкіндік алады, бұл инвесторлар үшін аса маңызды.

Boeing — тек ұшақ қана емес, сервистік технологиялар. Олардың келуі жаңа хаб қалыптастырады. Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразияның қаржылық, логистикалық қана емес, инвестициялық, ғылыми, академиялық орталығы болуға таласып отыр. Президент Тоқаев елдің Еуразиядағы жетекші рөліне нақты өтінім беріп, оны әлемдік деңгейдегі хабқа айналдырып жатыр.

Ең алдымен пайда көретін салалар — агроөнеркәсіп, авиация, мұнай-газ секторы, IT және басқа да салалар. Бірақ негізгі пайда елдің өзіне тиеді: заңнаманың дамуы, қаржы құралдарының дамуы, IT-ортаның нығаюы, әртүрлі бағыттағы жаңа хабтардың пайда болуы. Мұның бәрі елді Орталық Азияның экономикалық өсімінің локомотивіне айналдырады.

Сапар барысында Қазақстан тарихындағы ең ірі мәміле — Wabtec компаниясымен шамамен 4,2 млрд долларлық келісім жасалды. Бұл келісім Қазақстанда 300 локомотив өндіру және оларды сервистік қызмет көрсетумен қамтуды қарастырады.

Бұл мәміленің Қазақстан экономикасы және бүкіл Орталық Азия өңірі үшін маңызы өте жоғары.

Бұл сөзсіз ғасырдың ең ірі мәмілесі және Қазақстан үшін өте маңызды инвестиция. Локомотив мәселесі бұрыннан көтеріліп жүр.

Мысалы, АҚШ пен коалицияның Ауғанстандағы “Сынбас бостандық” операциясы кезінде АҚШ конгресінде солтүстік бағыт бойынша Ресей, Қазақстан және Өзбекстан арқылы жүк жеткізген локомотивтердің жүктемеге шыдамсыздығы туралы тыңдаулар өткен. Олар “қызыл дөңгелектер мәселесі” деп аталды.

Мәселе Орталық Азиядағы локомотив паркі ескі болғандықтан емес, америкалық жүк локомотивтерімен салыстырғанда қуаты төмен болғанында. Америкалық машиналар ұзағырақ құрамдарды тарта алады, жоғары жылдамдықпен көбірек жүк тасиды. Өзбекстанда және басқа елдерде ескі локомотивтер тез қызып, тозып, аз жүк таситын.

Жаңа қуатты локомотивтердің пайда болуы — ал олар қомақты қаражат тұрады — Орталық Азияның барлық теміржол магистральдары бойынша, ең алдымен Қазақстанда жолаушы және жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл Транскаспий көлік бағытына (Орта дәліз), Азия даму банкінің CAREC бағдарламасындағы алты дәлізге, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, ТМД және басқа халықаралық бастамалар жүйесіндегі маршруттарға қатысты.

Мұндай локомотивтер тауарларды әртүрлі елдер мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі тұтынушыларға жылдамырақ жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан Wabtec-пен жасалған келісімді Орталық Азиядағы логистика мен жүктерді тасымалдау саласындағы революция деуге болады.

Қазақстан шынымен АҚШ бизнесі үшін Орталық Азиядағы жетекші алаң болуға дайын. Тоқаевтың сапары америкалық инвесторлар ғана емес, барлық жаһандық компаниялар үшін сигнал болды: өңірлік нарыққа шығу үшін ең тиімді жол — Қазақстан арқылы.
Бұл көрші елдер үшін “домино әсерін” тудырады.

Трансұлттық корпорациялар Қазақстанға келгенде, олар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан нарықтарын да айналып өте алмайды. Бірлескен жеткізу тізбектері, логистикалық бағыттар, трансшекаралық жобалар қалыптасады. Бұл бүкіл өңірдің тұрақтылығын арттырады.

Сондықтан сөз ұлттық қана емес, өңірлік интеграция туралы болып отыр, мұнда Қазақстан Орталық Азияның “локомотиві” рөлін атқарады.

Барлық жаңалықтар