Президенттің жеке құндылықтары: Еңбекке, білімге, мәдениетке көзқарасы және «Адал азамат» бейнесі

Президенттің жеке құндылықтары: Еңбекке, білімге, мәдениетке көзқарасы және «Адал азамат» бейнесі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін дүниеге келген күні. Қазақ елінің басшысы биыл 73 жасқа толды. Мемлекет басшысының  қоғам дамуы мен тұлға қалыптастыруға қатысты негізгі бірнеше бағытқа бөлінген, басты құндылықтарды ұстанатынын әр сөзінен байқауға болады.

Солардың ішінде «Адал азамат» бейнесі ерекше орын алады. Бұл — адал, жауапты, еңбекқор және ел дамуына үлес қосатын азаматтың үлгісі. Қ.Тоқаев бұл туралы әр баяндамасында, әр сұхбаттарында айта отырып, сонымен қатар өзінің де тұлғалық қасиеттерін аша түсетіні баршаға мәлім. 

Президент еңбекті қоғамның басты құндылықтарының бірі ретінде атап көрсетеді. Оның пікірінше, әрбір жетістік адал еңбек пен табандылықтың нәтижесі.

Фото: Ақорда.

Президенттің негізгі ұстанымдары:

* еңбек — табысқа жетудің басты жолы;
* кез келген мамандыққа құрметпен қарау қажет;
* табысқа тек тәртіп пен жауапкершілік арқылы жетуге болады;
* жастар еңбекқор, тәртіпті және кәсіби білікті болуы тиіс.

Фото: Ақорда.

Президенттің айтуынша, еңбекқорлық — тек экономикалық емес, сонымен бірге адамгершілік қасиет.

Мемлекет басшысы білімді елдің болашағын айқындайтын негізгі фактор деп санайды.

Фото: Ақорда.

Ол сұхбаттары мен баяндамаларында: 

* сапалы білімнің адамға кең мүмкіндік беретінін;
* үздіксіз білім алып, өзін-өзі дамыту қажеттігін;
* шет тілдерін меңгеру мен заманауи технологияларды игерудің маңыздылығын;
* жастардың сыни ойлау мен ізденіске ұмтылуы керектігін жиі атап өтеді.

Оның пікірінше, білімді азамат қана заман талабына бейімделіп, елдің дамуына үлес қоса алады.

Фото: Ақорда.

Мәдениетке және рухани құндылықтарға қатысты Тоқаевтың көзқарасы ерекше. 

Президент мәдениетті ұлттық бірегейліктің негізі ретінде қарастырады.

* ұлттық тарих пен дәстүрді құрметтеуді;
* мемлекеттік тілді дамыту мен сақтау қажеттігін;
* әдебиет пен өнерге қызығушылықты арттыруды;
* жастардың рухани және эстетикалық тәрбиесіне көңіл бөлуді қолдайды.

Мәдениет адамның дүниетанымын кеңейтіп, оның азаматтық санасын қалыптастыратынын айтады. 

Фото: Ақорда.

«Адал азамат» — президент ұсынған қазіргі заманғы азаматтың идеалы.

Мемлекет басшысының ұстанымы бойынша "Адал азамат" дегеніміз: 

* адал және әділ;
* заңды құрметтейді;
* өз міндетіне жауапкершілікпен қарайды;
* білімге ұмтылады;
* еңбекқор;
* қоғам игілігі үшін қызмет етеді;
* жоғары моральдық қағидаларды ұстанады.

Президенттің айтуынша, мұндай тұлғаны қалыптастыру отбасы, мектеп және қоғамның ортақ міндеті.

Президенттің жеке құндылықтары төрт негізгі қағидаға негізделген:

еңбекқорлық, білімге ұмтылу, мәдениетті құрметтеу және адалдық.

Осы қасиеттердің барлығы Қазақстан елінің дамуына үлес қосатын «Адал азаматты» қалыптастырудың негізі болып табылады.

Democrat.kz.

Барлық жаңалықтар