Продюсер "Келінжан" сериалына қатысты бар шындықты айтты

Продюсер "Келінжан" сериалына қатысты бар шындықты айтты

Аман Тасығанға берген сұхбатында "Келінжан" сериалының продюсері Гүлнұр Мамасарипова жұрт білмейтін біраз нәрсені айтып берді деп жазады Democrat.kz.

"Келінжанның" алтыншы маусымын түсіруге көпке дейін келісімімді бермеген едім. Бесінші маусымнан кейін "болды, сериалды жабайық" дегем. 

Өйткені өте қиын болып кетті. Бір біріміздің алдымызда бетіміз ашылып кетті. Актерлермен келісу қиындап кетті. 

Әр маусымды түсіруді оқырман сұраса, актерлер "гонорарымыз көтерілуі керек" деп ойлайды. 

Актерлердің гонорары он есеге өсіпті. Ал сериалдың бюджеті бастапқы сомасында қалыпты. 

Арна өтініш жасаған соң, сериалды бүкіл актерлеріне жеке жке өзім хабарластым. "Арна сұрап отыр, сериалдың алтыншы маусымына түсесің бе?" Деп сұрадым. 

Қылышбектің рөліндегі Рүстем туралы "неге алтыншы маусымда жоқ" деген сұрақ бар, білемін. Рүстемге бірнеше рет хабарластым. Бірінші хабарласқанымда "иә, түсемін" деген. 

Кейін қанша рет хабарлассам да, жауап бермеді" дейді продюсер. 

Барлық жаңалықтар