Біраз уақыттан бері әлеуметтік желіде "бомба" ақылдарымен "танылып жүрген" психолог Айжан Салауатқызы оқырманын ренжітіп алды деп жазады Democrat.kz.
"Төсекте тілмен жұмыс істейтін ер адам да, әйел адам да кезінде анасынан мейірім көрмегендер. Олар белгілі бір жасқа дейін анасының омырауын мейіріммен ембегендер.
Адамның даму тарихы кезінде кішкентай сәби әлемді тек аузымен ғана таниды. Ол анасының омырауы" деген психолог төсек қатынасы кезінде тілін көп қолданатындар анасынан мейірім алмаған, "травмасы бар" адамдар екенін айтты.
Психологтың бұл пікірі оқырмандарына ұнамады. "Апай, сізге қаралу керек срочно", "өз басынан өткен ғой", "точно қудың", "ұят қой мынауыңыз", "бұларға заң жоқ па?" Дегенге саятын пікір көптеп жазылуда.