"Пугачева шашыңды жұлады": Ләйлә Сұлтанқызы мен Максим Галкиннің биін жұрт сынап тастады

"Пугачева шашыңды жұлады": Ләйлә Сұлтанқызы мен Максим Галкиннің биін жұрт сынап тастады

Әлеуметтік желіде танымал жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен ресейлік шоумен Максим Галкиннің бір сахнада бірге өнер көрсеткен видеосы тарады. Мәліметке сүйенсек, бейнежазба 2025 жылдың жазында өткен шара барысында түсірілген деп жазады Democrаt.kz. Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Көрермендер қос жүргізушінің сахнадағы үйлесімі мен кәсіби шеберлігіне жоғары баға беріп жатыр. Пікір қалдырған қолданушылар олардың қазір әлеуметтік желілерде танымалдық шыңында екенін және жасына қарамай сергек көрінетінін атап өткен.

Желі қолданушылары бұл кезеңді жүргізушілердің "прайм-эрасы", "Алла шашыңды жұлады", "Пугачева көріп қоймасын", "Екеуі де жақсы жүргізеді" деп бағалап, дуэттің тағы да бірлескен жобаларда көрінуін қалайтынын жазуда.

Барлық жаңалықтар