Қайрат Боранбаев футбол клубына рекордтық кіріс келгенін жасырмады деп жазады Democrat.kz. SMARTNEWS.KZ ке сілтеме жасап.
Алматылық «Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев команданың Чемпиондар лигасындағы тарихи маусымынан түскен табысты жария етті.
Бизнесменнің айтуынша, клуб еуропалық турнирден жалпы 35 миллион еуро, яғни шамамен 21 миллиард теңге көлемінде кіріс алған.
Бұл сомаға УЕФА төлемдерімен қатар, демеушілер қаржысы мен билет сатылымынан түскен табыс та кіреді. «Бүкіл Чемпиондар лигасы циклы бойынша шамамен 35 миллион еуро табыс болады.
Мұнда спонсорлар, билет сатылымы және УЕФА сыйақылары бар. Барлығы қосқанда 21 миллиард теңгедей», — деді Боранбаев журналист Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында. Төрт тур қорытындысы бойынша «Қайрат» жалпы есепте 34-орында тұр. Сондай-ақ клуб әзірге бір ұпай ғана жинаған.