Дәл қазіргі кезде Мальдив аралдарында отбасымен демалып жатқан әнші Қайрат Нұртас "ерекше ғылыми жаңалық ашып", оқырмандарын таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.
"Мальдив аралдарының жағасында жайылған аппақ нәрсені құм деп жүрміз ғой біз. Бұл құм емес, бұл былай айтқанда, балықтың боғы.
Алланың шеберлігі ғой, балықтан осындай аппақ кораллдарды жейді де, осындай шығарады, содан Мальдив аралдары пайда болады" деп Қайрат Нұртас видео жариялады.
"Балықтың боғы деген видеосын өшіріп, артынан мәдени түрін салып қойыпты", "осы құм үшін екі сторис салды ғой", "қуады екен", "тышады деп оқталып, айныды ғой" дескен жұрт әншінің видеосын күлкіге айналдырды.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.