Қайрат Нұртастың басында қанша кредиті бары жарыққа шықты

Қайрат Нұртастың басында қанша кредиті бары жарыққа шықты

Желі қолданушылары Айканың базасынан тараған жеке мәліметтерді пайдаланып, банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы танымал адамдардың атына несие бар-жоғын тексерген жағдайлар тіркелді деп жазады Democrat.kz.

Соның ішінде көпшілік Қайрат Нұртастың да қаржылық деректерін қызығушылықпен қарағаны айтылуда.

Бұл оқиға жеке деректердің қорғалуы мәселесінің қаншалықты әлсіз екенін тағы да көрсетті. Сарапшылардың айтуынша, азаматтардың жеке ақпаратын заңсыз қолдану – қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқықбұзушылық.

Желі қолданушылары бұл жағдайды «қоғамның өзі жасап алған тізімі» деп бағалап, жеке деректердің қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық білдіруде.

Барлық жаңалықтар