Белгілі әнші, қазақ ән өнерінің майталманы Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас пен оның шығармашылығы туралы ойын білдірді деп жазады Democrat.kz. сайты Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ол «Qazaq.Airan» жобасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Қайратқа демалу керек. Ән айта алмайтын болса халық мұнша көтермелейтін еді ғой. Халық айтса, қалып айтпайды ғой.
Ол фониатрға бару керек, дауысты емдету керек. Ол қанша еңбек. Біз сияқты айына, аптасына бір рет шықпайды ол. Ол күнара жол жүреді, күнара той-домалақта жұлып жеп жатады.
Ол оңай дүние емес, ол сақтануды талап етеді», — деді әнші.