Бірнеше уақыттан бері жартылай жалаңаш кейпімен, түрлі ұятты әрекеттерімен әлеуметтік желіде фото, видеоларын жариялап жүрген Қайрат Нұртастың қызы Алау оқырмандарына жауап берді деп жазды Democrat.kz.
Алау Қайратқызы жағажайда жартылай жалаңаш суретін жариялаған соң, өзін сынап, "әкесі қада қарап отыр", "ұялмай ма?", "шешесі тәрбие бермей ме?" Деп шулаған оқырмандарына жауап ретінде тағы видео жариялады.
"Әкем мен шешем де қасымда"дегенді көрсетіп, видео жариялаған Алау Қайратқызы "суға шомылғанда, киіммен түспеймін ғой, сынай бермей, ойлансаңдаршы" деген Қайраттың қызы өзгелерге "өзім білем" дегенді жұқалап жеткізді.
Алайда бұл жолы да хейтерлері сынап, тіпті сүйектен өтер сөздер жазуда.
