Актер Қайрат Әділгерейдің әйелі Мөлдір Мұқанованың дебютті туындысына өзіндік бағасын берді, деп жазады Democrat.kz.
«Атышулы Мөлдір Мұқаннның сұхбатын көрген шығарсыздар. Мен де көрдім. Маған да алыс адамдар емес. Бірақ маған олардың отбасында не болып жатқаны мүлде қызық емес. Бұл кино сол сұхбаттың кино түрі. Онда айтылған бүкіл сұрақтар ирониямен, романтикалық оқиғалармен, астармен айтылады. Ал байқаған кемшіліктерімді айтайын, онсыз болмайды. Бағаны басқа кинолармен салыстыра айтар болсақ, актерлік құрам нашар», – деді.