Қайраттың қызы Алау үлкендерге ренішін білдіріп: "Шын ұят қайсы?" деп сұрады

Қайраттың қызы Алау үлкендерге ренішін білдіріп: "Шын ұят қайсы?" деп сұрады

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау әлеуметтік желіде үлкендерге реніш білдіріп, өзіне ауыр сөздер жазатындарға жауап берді деп жазады Democrat.kz. 

Алау парақшасында бөліскен видеода: “Мен күнде “Мынау ұят”, “Осы жаста ашық киінуге қалай ұялмайды?”, “Дым әдемі емес”, “Мына қызда тәрбие жоқ екен” сынды жаман сөздер естимін.

Мұндай сөздің көп бөлігін 40-50 жастан асқан ересек адамдар жазады. Менде бір ғана сұрақ бар. Шын ұят қайсы? Өз өмірімен айналысқан жас қыз ба?

Әлде интернетте отырып жасөспірімді қорлап, ар-намысына тиетін ересек адам ба? Біз өсіп келе жатқан ұрпақпыз. Бізді қолдап, түсіну керек, жол көрсету керек.

Ал сіздер бізді қорлайсыздар. Сынды “тәрбие” деп жасырасыздар. Естеріңізде болсын, сөз – өте қауіпті қару. Сіз жазған пікір – біреу үшін жара. Ұят мен емес, ұят ересек адамның баланы кемсітуі. Ұят – жек көруді тәрбие деп атау”, – деді ол.

 

Барлық жаңалықтар