Әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау тікелей эфирде көрермендерінің сұрақтарына жауап берді деп жазады Democrat.kz.
"Саған жұрттың "Қайраттың қызы" дейтіні ұнай ма?" деген сауалға Алау "маған Қайраттың қызы дегендері ұнамайды. Себебі маған өмірге келгенде "Қайраттың қызы" деп ат қоймаған. Маған "Алау" деп ат қойған" деп жауап берді.
Мұнан бөлек, Алау "сен Қайрат Нұртастың қызысың ғой?! Сенімен суретке түссек бола ма?" дегенде, ренжитінін, ондайлармен суретке түспейтінін айтты.