Инстаграм әлеуметтік желісінде Қайрат Нұртастың қызы Алаудың ерсі әрекеті қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Желіде тараған видеода Алай өзі құралпы Олжас деген жігітпен әзілге құрылған тренд түсіріп, арасында әлгі жігіттің арт жағынан бір тебеді.
Алаудың мына әрекеті оқырмандары тарапынан сынға ұшырады. "Әйел еркекті теппейді", "мынау ұят енді", "пікір жазса, буллинг дейді. Не енді мына әрекеті" дегенге саятын пікір жазуда.
Ал кей оқырмандары Қайрат Нұртасты "күйеубала болуға кандидат Олжас" деп құттықтап жатыр.