Белгілі заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген тағы бір хатты жариялады деп жазады Democrat.kz.
Хат әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
"Ләззат ханым, сәлеметсіз бе. Сіздің оқырманыңызбын. Менде де кішкентай қызым бар . Небір хаттарды оқып өте қатты қорқамын. Қызымды барынша көзден таса да қылмаймын.
Мендегі мәселе 2 бөлмелі үйде тұрамыз . Жолдасымның әкесі келеді үйге и залда матрац бар сонда жатады. Кішкентай қызым білмейді ғой жанына барып ойнап отырып жатып алады.
Атам тұрып немесе отырып, жиналып кішкене ондайды білмейді и мен Қызымды қолынан ұстап алып кетем қой қызым болмайды атаң жатыр дем алады деп. Сол әрекетім ешкімге жақпайды.
Даже жолдасым жындысың ба атасы ғой деп шығады . Ойнатқысы келсе етек жеңін жинап отырсын, бір жерін салбыратып жатпай деп. Атасы екенін білем ойнатса тіпті қуанамын ғой.
Менікі қате ме айтыңызшы? Атам ажырасқан . Жолдасым 5 күн үйде емес кезде де келеді залда жатады. Өзім даже қорқам кейде шыны керек.
Сізден үлкен өтінішім, рахметім болады. Жолдасыма хабарласып қазіргі статистика бойынша зорлану көп екенін және кішігірім түсінідіріп беріңізші өтініш, болып жатқан оқиғаларды мен оқимын ол онша қатты көп оқымайды ондайды. Жолдасым өзі жақсы адам" деп жазылған хатта.
Осы хатқа байланысты пікір жазушылар үлкен жастағы еркектің қалай мәдениетті отырып, тұруды білмейтініне реніш білдіріп, "атаңа ашық айт" деген ақыл беруде.
Ал кейбіреулер әйелдің әр киіміне қадалып, ақыл айтқыштар еркектердің әдепсіздікте асып түсетінін алға тартуда.