"Қайынжұртқа қарап ұлиды": Спортшы Елдос Сметовтің діни уағыз айтқан видеосы жұрттың ашуына тиді

"Қайынжұртқа қарап ұлиды": Спортшы Елдос Сметовтің діни уағыз айтқан видеосы жұрттың ашуына тиді

Танымал дзюдошы Елдос Сметовтің діни уағыздар айтып отырған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовтің әлдебір кафеде отыры алып, діни уағыздар айтып отырған видеосы ТикТокта тарады. 

"Сираны тыңдай берсейші. Сираны қай жағыңмен тыңдағың келеді, тыйдай берсейші. Біз проблеманы шешуді басқа жақтан іздейміз. 

Ибраһим алейкиссаламнан бастап, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғс. дейін олардың басына келген сынақтар бар. Егер сол сынақтар бізге берілсе, біз өліп кетеміз. 

Бізге қандай сынақтар келіп жатыр? Бізге көбінесе материалдық сынақтар келіп жатыр ғой. Ақшаң жоқ, әйеліңмен ұрсып қаласың, біреумен төбелесесің. Бірақ бұлар шешілетін нәрселер. 

Бұл сынақтардың Алладан "тәубеңе түс" деп уақытында келіп жатқанын түсінсең, әлхамдуллилаһ жетістікке жетесің", - дейді Елдос Сметов. 

Спортшының бұл видеосына қатысты жұрт "бұл да сондай боп кеткен бе", "олар әдейі осындай танымал адамдары қатарына тартады", "бұны да улапты ғой", "қайынжұртқа қарап ұлитын болған ба" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар