"Қажет болса, өзге диаспора мектепті өз қаржысына салсын" деді журналист

"Қажет болса, өзге диаспора мектепті өз қаржысына салсын" деді журналист
Алматыдағы 224 мектептің дауына қатысты танымал журналист Тоқтар Жақаш пікір білдіріп, өзінің ұсынысын жеткізді деп жазады Democrat.kz.
 
"Алматыдағы 224 мектепті қазақ мектебі қып ашу туралы дау шетелдік БАҚта талқыға түсіп жатыр. Шетелдіктер тұрмақ, Ресейдің озық ойлы азаматтарының өзі “Қазақстан қандай тілде мектеп ашуды өзінің Конституциялық талаптарына сай қарастыруы керек.
 
Алдымен, мемлекеттік тілдегі мектепке деген сұранысты толық қанағаттандыруға міндетті. Мемлекеттік тілдегі мектептердің жүктемесін азайтқан соң ғана өзге тілде мектеп ашуға не кедергі?!” деп аң-таң.
 
Бұл дауды италияндық басылымдар да мұқият бақылап отыр.
 
Ал меніңше, біздің үкімет жаңа мектеп саларда “Мемлекеттік тілді 2020-2030 жылға дейін Дамыту” бағдарламасын ескере отырып салғаны дұрыс сияқты.
 
Әлгі шағынауданда орыс мектебінде оқуға ынта білдірген балаларды жақын жердегі орыс мектебіне тасымалдайтын көлік бөліп, мәселені ушықтыра бермей шешкені жөн.
 
Ал шындап келгенде, Қазақстанда шетелтілді мектептерді мемлекет есебінен қаржыландыруды тоқтату керек!
 
Мектеп керек пе, өзге диаспора жеке қаржысына салып алсын! Депутаттар “Білім беру туралы” заңға осындай өзгертулер мен толықтырулар енгізсін немесе соған кезең-кезеңімен өтетін мемлекеттік жоспар жасасын!"деп жазды Тоқтар Жақаш. 
Барлық жаңалықтар