Қалдыбек Құрманәлі Зәкеңнің құпия құжаттары қайда екенін айтты (ВИДЕО)

Қалдыбек Құрманәлі Зәкеңнің құпия құжаттары қайда екенін айтты (ВИДЕО)

Qazaq Aıran арнасына берген сұхбатында танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі саясаткер Заманбек Нұрқаділовке қатысты бір жағдайды айтып берді деп жазады Democrat.kz.

"Зәкеңнің құпия құжаттары туралы көп айтылады ғой. Зәкең өзіне төнген қауіптің барын сезген сияқты. Сол кездері бірнеше адамға өзі хат жазған болатын. 

Сондай бір хатты Мұхтар Шахановқа апарып бердім. Мұхаң өзі оқыды, бірақ не жазылғанын маған айтпады. 

Түсінгенім, ол хатта жай ғана кіріспе ғана жазылған. Ол хатты оқыған адам қоғамдық пікір туғызады. 

Ал өзі шетелге барғанда әлгі құжаттарды сол жаққа жәшікке салып келген сияқты. Бірақ ол қандай құпия білмеймін. Әйтеуір өте үлкен құпия болған сияқты. 

Себебі, содан кейін әлгі өлтіру тапсырысы болды ғой" деген Қалдыбек Құрманәлі Зәкеңнің өлімінің құпиясы әлі ашылмай отырғанын айтты. 

 

Барлық жаңалықтар