"Қалыңмалсыз алған": Тұрсынбектің тоқалына қатысты масқара сөз шықты

"Қалыңмалсыз алған": Тұрсынбектің тоқалына қатысты масқара сөз шықты

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында бірінші жары Мөлдір Мұқанова туралы айтып, оны қалың малсыз алғанын мойындаған, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты caravan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қазақ “теңін тапса, тегін бер” дейді ғой. Мен Мөлдірді қалың малсыз алдым. Қазір бес баламыз бар. Бақытты өмір сүріп жатырмыз», — деген еді ол.

Алайда желі қолданушылары бұл сөзге түрлі пікір білдіріп, сынға алған. Көпшілік арасында:

— «Сен бақытты болған шығарсың, ал Мөлдір ше? 14 жыл бойы сыртынан жүрген болсаң, оның атынан сөйлеме»,

— «Отбасы құндылығын насихаттайтын үлгілі жан болмадың ба?»,

— «14 жыл шыдаған Мөлдірді айту керек еді»,

— «Бес балаң барда тоқалыңа қалың малды еселеп бергенің қалай?»

сияқты пікірлер жазылған.

Сонымен қатар кейбірі қазақ дәстүріне қатысты ойын айтып, «Қалың мал бермеу — әйелді қадірлемеу емес. Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген пікірлер де қалдырған.

Барлық жаңалықтар