Әлеуметтік желіде танымал тұлға, қазақтың бірінші ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің сұхбаты қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Сұхбатта Тоқтар Әубәкіров ескі Конституцияны қабылдау кезіндегі бір жағдайды еске алады.
"Конституция қабылданды. Соның артынша, сол Конституцияны жазған Нағашыбай Шәйкенов университетке ректор болып кетті. Назарбаевпен тым жақын дос болып кетті.
Шәйкенов ректор болып кеткенде, оған бардым.Сол кезде Нағашыбайдың маған айтқаны мынау болды: "Қандай ақымақпын. Халық мені кешіре ме, кешірмей ме? Құдай білсін. Мен осының бәрін жазғанда, азаматқа, президентке жазып отырмын деп ойлап едім. Бірақ қазір түсініп отырмын, кімге жазғанымды" деп өкініш білдіріп еді" , деп еске алады Тоқтар Әубәкіров.