Кеше қазақстандықтар Айдың тұтылған сәтін анық көрді. Бұл құбылыс Ай Жердің көлеңкесінен өткен сәтте болып, Ай өзінің кейпін уақытша өзгертті деп жазады Democrat.kz.
Айдың кешегі тұтылуы "қанды Ай тұтылуы" деп аталды. Тұтылу құбылысының соңғы бөлімінде Ай қызыл түске "боялғанын" көпшілік көрді.
"Қанды Ай тұтылуына" қатысты астрологтар не дейді? Бұл құбылыс әлде бір қауіпті білдіре ме?
Астролог Ирина Березовская кешегі Ай тұтылуына байланысты:
"Бұл жолы Ай "Балықтар" жұлдызында тұтылды. Бұл жұлдыз белгісі интуиция, терең эмоция мен сана деңгейіне қатты әсер етеді.
Сондықтан кешегі Ай тұтылуынан кейін кей адамдарда үлкен эмоциялық жарылыс, түсініксіз қобалжулар тудыруы мүмкін.
Адамдар бірнеше күн бойы түрлі эмоциялық тербелістердің күйін кешуі мүмкін. Кешегі Айдың тұтылуы құблысы ауа, су белгісіндегі жұлдыздарға, яғни, Суқұйғыш, Егіздер, Таразы және Балық, Шаян, Сарышаян белгісінде туғандарға аса қатты әсер етуі мүмкін.
Сол себепті бұл жұлдыз белгісінде туған кісілер бірнеше күн бойы көңіл күйлерінің жақсы қалыпта блуы үшін бар жағдайды жасағандары дұрыс.
Көңіліне не жағатын болса, соны орындап, жан тыныштығында болуы керек.
Мұнан бөлек, бұл жолғы Ай тұтылуы көп адамға дұрыс шешім қабылдау энергиясын берді. Соны тиімді пайдалану керек.
Мүмкін болса, бір аптадай ұрыс, кикілжің сынды жағымсыз жағдйлардан бойды аулақ ұстаған жөн.
Ал қаржылық мәселеге келер болса, бұл аптада ауқымды келіссөздер жасап, кей құжаттарға қол қоймаған дұрыс. Себебі бұл уақыт табыс табудан гөрі, шығынға батыруы мүмкін".