Қанішер "қара жесір": Ирандық әйел 11 күйеуін өзі өлтірген

Қанішер "қара жесір": Ирандық әйел 11 күйеуін өзі өлтірген
 
Ирандық «Қара жесір» 11 күйеуін өлтірді деп күдікке ілінді.. Ал құрбандар саны кемінде екі есе көп болуы мүмкін.
 
58 жастағы Кульсум Акбариді 2023 жылдың қыркүйегінде 82 жастағы күйеуінің күмәнді жағдайда қайтыс болуынан кейін қамауға алды.
 
Al Arabiya агенттігінің дерегінше, қаза тапқан ер адам өлерінің алдында туыстарына әйелінің мінез-құлқы өзгеріп кеткенін айтқан.
 
Оның өлімінен кейін марқұмның ағасы полицияға жүгініп, сараптама мен тергеу жүргізуді талап еткен. Сол кезде Акбари ұсталды.
 
Тергеу барысында әйел 11 кісі өлтіргенін мойындады. Ол әрқашан жалғыз, қартайған, науқас, бірақ ауқатты ер адамдарға тұрмысқа шыққанын айтты.
 
Мұндай «кандидаттарды» табуына белгісіз адамдар көмектескен. Кульсум қалыңмал алу шартымен тұрмысқа шығып, көп ұзамай күйеулері сырқаттанып, содан кейін қайтыс болған.
 
Алғашқы құрбандарының бірін ол әуелі техникалық спиртпен улап, кейін тұншықтырып өлтірген.
 
Содан соң ол әрекетін анағұрлым сақ жүргізе бастаған.
Гипертонияға немесе қан қысымына арналған дәрілерді сусынға араластырып, күйеулеріне берген, дозаны біртіндеп арттырған. Ерлердің жағдайы нашарлағанда, оларды ауруханаға апарып, қамқор әйелі сияқты көрінген.
 
Емделгеннен кейін ол тағы да дәрі мөлшерін көбейтіп, ақыры күйеулерін өлтіріп отырған.
 
Осылайша ол олардың мұрасын иеленген.
2001 жылдан 2023 жылға дейін Акбаридің 18 азаматтық күйеуі және 19 ресми некесі болған.
 
Бұл ерлердің барлығы қаза тапқан.
Сондықтан тергеу «қара жесірдің» құрбандары 11 адамнан да көп болуы мүмкін деп болжайды.
 
Ақпарат Өмір Шыныбекұлының парақшасынан алынды. 
Барлық жаңалықтар