"Қанішер завучтар": Мұғалімнің мұңын кім түсінер?

"Қанішер завучтар": Мұғалімнің мұңын кім түсінер?

Қазіргі мұғалімдерді оның ішінде жас мамандарды мектеп ішінде жүйкесіне тиіп, қатты шаршататын нәрселер не екенін білесіз бе? Білгіңіз келсе, төмендегі жазбаларға назар аударыңыз деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде "мұғалім болудың ең жаман тұстары" деген тақырыпқа пікір таластырған педагогтар өз ойларын төмендегіше түйіндепті.

"Мұғалім болудың ең жаманы - завуч-қанішерлердің әрекеттері. Мектеп екінші үйіміз болса, завуч – сол үйдегі ене шығар. Қолынан дым келмесе де, адамнан талап етуге шебер.

Талтайып жүргеннен басқа ештеңе бітіріп жүрген жоқ. “Срочно” дегендері бітпейді, бүгін жазып отырғаны міне, түсте айтылған "отчётты" кеше жіберу керек болған екен.

Ағылшындағы презент перфект континиус деген осы шығар... Бүгін жынды сияқты костюм киіп неше сағат балалардың алдында билеп жүріп, енді есімді жиып жатсам...

"Бір іс-шара болса “Вы же молодая, активная” деп шыға келеді, басқа маңызды нәрсе болса бізді "чёрт" сияқты жұмсай салады.

Еврейдің өзі бұндай болмаған шығар. Завучтардың ойынша, мектептегі ең маңызды нәрсе – баланың білімі емес, дұрыс толтырылған папка. Папка бар ма? Молодец, сен жақсы мұғалімсің. Жоқ па? Құры, сен халық жауысың!

Бірдеңе айтуға оқталсаң, бірден аларып шыға келеді, қалың беттері шындықты көтермейді, тек жағымпаздарды ғана  жақтырады. Әйтеуір бір жағымпазданып жүгіру керек".

"Бәрін біреуге істеткізіп қойып, керіліп отырады “Бұл біздің жетістік” деп. Завуч директормен жақын араласса тіпті сұмдық, өз еркіңмен өле берсең болады.

Буллинг туралы айтпасам да болады. “Тек сіздің сынып тапсырмаған” дегенді естісем жүйкем шыдамайды.

Бір нәрсені істей алмай қалсаң, оған дейін істеген бүкіл нәрселерді ұмытып қалады, тек минустарыңа қадалып жүреді.

Әріптестер, сендерде завучтармен қандай сұмдық ситуациялар болды? Бөлісіп отырыңыздар, бірге "нерв" болайық" дейді qaruzhandar атымен тіркелген педагог. 

Барлық жаңалықтар