"Қанша тырыссам да, болмайды" деген Гүлзира ханым отбасылық құпиясын ашты

"Қанша тырыссам да, болмайды" деген Гүлзира ханым отбасылық құпиясын ашты

Продюсер Гүлзира Айдарбекова қысқа бір клип түсіріп, жас отбасыларға үлгі болуды мақсат тұтқанын айтты деп жазады Democrat.kz.

"Біздің қысқа метражды, соңымыздан еріп келе жатқан жас отбасыларына үлгі болсын деген ниетпен, өзімізше түсірген Нүрекеңнің “Өкінген емеспін” әніне байланысты үзіндімізді тамашалап, баға беріп кетіңіздер!

 Нүрекеңнің әнін тыңдай сала, тойға шығып бара жатқан жерден 2 минутта түсірген идеям қалай кетті? Негізі өмірде де солаймын, ұзақ ашуланып жүре тұрайын деп қанша тырыссам да, құрысыншы 5 күн өмірде ит пен мысық болып ырылдаспай, бір шаңырақтағы бүкіл отбасымның көңіл-күйіне әсерім тимесін деп те, бір жағы тез ұмытып кетемін, анамның тәрбиесін әбден бойыма сіңіріп алған екенмін.

Ия, үйлену оңай, үй болу қиын” деген баяғыдан мақал бекер емес. Айналаға көз тастап қараңызшы, қаншама болмашы дүниеге мен-мендік, такаппарлықпен ата-ананың ажырауынан ортадағы балалар жапа шегіп, ыстық ұясының бақытты сәттерін де еске ала алмай, әке-шешесінің мейіріміне тойымсыз, өтіп жатқан өмірлері жүректі шаншытады.

Аштықпен, соғыстан көз ашпай, сол жылы мекені, ыстық ұясы арман болып жатқан елдерге қарап, тәубамызды ұмытпай, аз ғана өмірде бір-бірімізге кешіріммен қарасақ нұр үстіне нұр!" Деп жазды Гүлзира ханым. 

Барлық жаңалықтар