"Қаңтар қырғыны бойынша мұны да тергеу керек!" деген журналист әріптестеріне үндеу жасады

"Қаңтар қырғыны бойынша мұны да тергеу керек!" деген журналист әріптестеріне үндеу жасады

Танымал журналист Тоқтар Жақаш әріптестеріне үндеу жасап, "соларды эфирге шығармаңдаршы!" деді деп жазады Democrat.kz.

Тоқтар Жақаш "эфирге шығармаңдар" деп отырғаны - ел ішін ала тайдай бүлдіріп, ұлттың салт-дәстүріне қырғидай тиіп, талай жастың сорын қайнатқан кей діндарлар еді. Әлеуметтік желі парақшасында журналист Нұрсейіт Жылқышыбай мен Мұхамеджан Тазабектің сұхбатының суретін жариялаған журналист: "Осылар “аспаннан шұға жаудырам” десе де, эфирге шақырмаңдаршы-еу! Болды ғой, отыз жыл бойы бүлдірмеген нәрсесі қалмады. Ұлттық менталитеттен бастап, салт-санаңа дейін өзгерту үшін әбден тыраштанды! Оның кейбір “нәтижесін” там-тұмдап көрдік те! Тасы өрге домалап, түкірігі жерге түспей тұрғанда (мысалы, полицияға лекция оқығанда) көзіне қараңызшы! Жанарына жендетке тән жарқыл бар! Елді ұрып-соғып, жазалағанды елестетудің өзінен ләззат алып тұр! Өзіне, сөзіне сенімі 100 пайыз! Бұл көзде Құдайға деген сүйіспеншіліктен, ұлтына деген махаббаттан титімдей белгі де жоқ! Сөздері мен логикасы маньяктық месседжге қүрылған! Одан кейін мына соңғы сұқбаттағы көзіне қараңызшы. Алақ-жұлақ, ұрының, екіжүзді міскіннің көзі! Бір жерге тоқтай алмайды! Мұндай не сөзінде, не ісінде берекесі жоқ пендені тағы да халық алдына шығарып, қоғамдық реабилитация жасаудың түкке қажеті жоқ! Қаралмаған эфирің қаралмай кетсін! Тек, осы сужұқпастарды эфирге шақырып, елдің жүйкесін жұқартпаңдаршы! Әрі-беріден кейін, қаңтар қырғыны бойынша мұны да тергеу керек!" деп жазды Тоқтар Жақаш. Фото көрнекілік үшін интернеттен.
Барлық жаңалықтар