Атырау облысында осы жылдың 13 қаңтарында жоғалып кеткен 70 жастағы Капиталина Симанькованың денесі гараждан табылды, деп хабарлайды Democrat.kz.
Liter.kz.басылымына марқұмның жиені Елена Рафикова хабарласып, денені тапқаны туралы айтып:
"Мен ол жерде қанша уақыт жатқанын білмеймін, одан әрі қарай полицейлер тергеп, тексере жатар" дейді.
Зейнеткер Доссор ауылында азаматтық жұбайы Владимир Маловпен бірге тұрған. Әйел 13 қаңтардан бастап ешкіммен байланысқа шықпаған.
9 ақпанда полиция Мақат ауданында әйелдің белгісіз жағдайда жоғалып кеткені туралы ақпарат алады. Үйді және оның айналасын тексергенде полиция қызметкерлері гараждан зейнеткердің мәйітін тапқан.
Қылмыс жасады деген күдікпен қаза тапқан адамның азаматтық жұбайы ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның айтуынша, тұрмыстық жанжал салдарынан дене жарақаты болған.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Марқұмның туыстары анықталды, олар әйелдің бір айдан артық байланысқа шықпағанын растады.
Полиция трагедияның барлық егжей-тегжейін анықтау үшін тергеуді жалғастыруда.