"Қара киінгендердің аяғын сындырамын" деген Әмина қажы Назарбаевпен арадағы келіспеушілігі туралы айтты

"Қара киінгендердің аяғын сындырамын" деген Әмина қажы Назарбаевпен арадағы келіспеушілігі туралы айтты

Әмина қажы Әжібаева Жанар Байсемізге берген сұхбатында «Перзент» балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің дінге мәжбүрленбейтінін, бірақ өздері қызығушылық танытса, ерікті түрде әрекет ететінін айтты,деп хабарлайды Todayinfo.

Ол қыздардың 13 жасқа толмағандықтан намазға ерте кіріспейтінін, ұлдар болса жасына қарамастан намаз оқитынын жеткізді.

«Қиындықпен орамал тағуды міндеттемеймін, бірақ олар өздері таққанды ұнатады. Моншадан шыққанда шаштарын жайып жүреді, себебі шаштың биттеп кетпеуі маңызды», – деді Әмина қажы.

Сонымен қатар, қара киім киіп, жүру мәселесіне де тоқталды. Бір күні мешіттің әйелдер әжетханасын тексеру үшін кіргенде, 5-6 әйелдің тек көздері көрінетіндей қара жамылып жүргенін байқап, қатты ескерткенін айтты. Олар қазақтар болған, өзге ұлттар емес.

 Әмина қажы «Екінші рет сондай жағдай қайталанса, аяғын сындырамын» деп ескерткенін, ал бұған қатысты бұрын Назарбаевтың бұл адамдарды кіргізуіне қарсы шыққанын, содан кейін өзара түсініспеушілік пайда болғанын жасырмады. Тіпті шетелге бала сату жайлы да ашық айтқанын, бұл сөздері үшін қатаң сынға ұшырағанын айтты.

«Мен тілімді ащы еттім, соның кесірінен маған қарсылық болды. Тіпті өз қыздарым маған ренжіп, үндемей тұр деп өтінді», – деді Әмина қажы Әжібаева.

Барлық жаңалықтар